NEWS

♿🦯🕶️ International Day of Persons with Disabilities / Халықаралық мүгедектер күні / Международный день лиц с инвалидностью

2024-12-18 15:01

Dear NU Community,


On December 3, we observe the International Day of Persons with Disabilities, a day dedicated to supporting individuals with disabilities in our community and raising awareness about creating an inclusive environment. This means ensuring equal opportunities and removing barriers in all aspects of life — whether in daily activities, accessing education, joining the workforce, or achieving personal goals.

Today globally, an estimated 1.3 billion people—16% of the population—live with significant disabilities. In Kazakhstan, over 700,000 people, including approximately 100,000 children, are registered as living with disabilities. Despite progress, challenges —both visible and invisible—still exist in accessing education, employment, public spaces, and technology. Addressing these barriers requires collective effort and commitment from all of us.

The ability to move freely, communicate without barriers, and live without additional obstacles is a right that reminds us of the importance of supporting those with disability and special needs, as well as the need to foster inclusivity in society. Inclusivity means actively creating environments where all individuals, regardless of ability, can fully participate and feel valued. It involves both physical accessibility—such as ramps, elevators, and adaptive technologies—and an open, respectful culture that welcomes diversity.

Inclusivity begins with everyday actions. Here are some key tips for interacting with individuals with disabilities:

  • Always Ask Before Offering Help: Offer assistance only if it seems needed, and wait for the person's response. Respect their independence.
  • Speak Directly to the Person: Address the person directly, not through their companion, interpreter, or aide.
  • Respect Personal Space: Avoid touching mobility aids, service animals, or assistive devices unless given permission.
  • Use "Person-First Language": Focus on the person, not their disability. For example, instead of saying "a person in a wheelchair," it is better to say "a person who uses a wheelchair". Similarly, instead of "deaf," say "a person with a hearing impairment, instead of "blind," say "a person with a vision impairment .
  • Be Patient and Listen Actively: Allow extra time for communication if needed, and don’t rush or finish their sentences.
  • Avoid Making Assumptions: Don’t assume what someone can or cannot do based on their disability.
  • Promote Accessibility: Make sure your environment is welcoming and inclusive for everyone, regardless of ability.

At Nazarbayev University, we are committed to building an equitable and inclusive environment. On October 15, 2019, NU introduced the Concept for Supporting People with Disabilities and Special Needs, reaffirming our dedication to creating an inclusive environment. Additionally, there is the Special Learning Needs Committee, which serves as an advisory body of the Academic Council on matters of academic support for students with disabilities and learning impairments.

Let's try to make NU a welcoming and accessible place for everyone. This means not only ensuring accessibility in our infrastructure and activities but also cultivating attitudes and behaviors that reflect genuine inclusivity and respect for diversity.

Sincerely Yours,

Health and Well-being Department


***


Құрметті NU қауымдастығы,


Халықаралық мүгедектер күні бүкіл әлемде жыл сайын 3 желтоқсанда атап өтіледі Бұл күн қоғамымыздағы мүгедектігі бар жандарды қолдауға және инклюзивті орта құруға бағытталған. Бұл дегеніміз, күнделікті өмірде, білім алуға қол жеткізуде, жұмысқа орналасуда немесе жеке мақсаттарға жетуде тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етіп, кедергілерді жоюды білдіреді.

Бүгінде әлемде шамамен 1,3 миллиард адам, яғни халықтың 16%-ы, елеулі мүгедектіктермен өмір сүреді деп бағаланады. Қазақстанда 700 мыңнан астам адам, оның ішінде шамамен 100 мың бала, мүгедектігі бар деп тіркелген. Инклюзия саласында алынған жетістіктерге қарамастан, білім алу, жұмысқа орналасу, қоғамдық орындарға және технологияларға қол жеткізуге байланысты қиындықтар әлі де бар. Бұл мәселелерді шешу үшін барлығымыз бірге әрекет етуіміз қажет.

Еркін қозғалуға, ешқандай қиыншылықсыз қарым-қатынас жасауға және басқа да кедергілерсіз өмір сүру – үлкен нығмет. Осыны есімізге алып, басқаларды қолдауға және инклюзивті ортаны қалыптастыруға ұмтылуымыз қажет. Инклюзивтілік барлық адамдардың, олардың қабілеттеріне қарамастан, қоғам өміріне толыққанды қатысуына және өзін маңызды сезінуіне мүмкіндік беретін орта құруды білдіреді. Бұл тек физикалық қолжетімділікті (пандустар, лифтілер, бейімделген технологиялар) ғана емес, сонымен қатар мейірімділік пен сыйластыққа негізделген мәдениетті де қамтиды.

Инклюзивтілік күнделікті әрекеттерден басталады. Мүгедектігі бар жандармен қарым-қатынас жасау бойынша бірнеше негізгі кеңестер:

  • Көмек ұсынбас бұрын сұраңыз: Көмектің қажет екенін сезсеңіз, алдымен ұсыныс жасаңыз және адамның жауабын күтіңіз. Олардың тәуелсіздігін құрметтеңіз.
  • Тікелей сөйлесіңіз: Адаммен тікелей сөйлесіңіз, олардың серігі, аудармашысы немесе көмекшісі арқылы емес.
  • Жеке кеңістікті құрметтеңіз: Мобильді құралдарға, көмекші жануарларға немесе басқа құрылғыларға адамның рұқсатынсыз қол тигізбеңіз.
  • «Адамға бағытталған» атау тәсілді қолданыңыз: бұл тәсіл адамның жеке басына назар аударуды, оның мүгедектігін басты ерекшелік ретінде қарастырмауды көздейді. Мысалы, «мүгедектер арбасындағы адам» деп айтқаннан гөрі, «мүгедектер арбасын пайдаланатын адам» деп айту дұрыс, «саңырау» дегеннің орнына «есту қабілеті бұзылған адам», «соқыр» дегеннің орнына «көру қабілеті бұзылған адам».
  • Сабырлы болыңыз және мұқият тыңдаңыз: Қажет болған жағдайда қарым-қатынасқа қосымша уақыт бөліңіз және сөйлемдерін аяқтауға асықпаңыз.
  • Болжам жасамаңыз: Біреудің не істей алатынын немесе істей алмайтынын оның мүгедектігі негізінде болжам жасамаңыз.
  • Қолжетімді орта құруға атсалысыңыз: Қай жерде болмасын, ортаны баршаға қолайлы және инклюзивті етуге тырысыңыз.

Назарбаев Университеті барлығына қолайлы және инклюзивті орта құруға ұмтылады. 2019 жылдың 15 қазанында NU Мүгедектігі бар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жағдай жасау жөніндегі тұжырымдама енгізіп, инклюзивті орта қалыптастыруға деген ниетін растады. Сонымен қатар, университетте Ерекше оқу қажеттіліктері жөніндегі комитет жұмыс істейді. Бұл комитет Академиялық кеңестің консультативтік органы болып табылады, мүгедектігі бар және оқу қабілеті төмен студенттердің мүмкіндіктеріне сәйкес қолдау саясатын ұсынады.

NU-ды барлығы үшін жайлы және қолжетімді орын етуге бірге үлес қосайық. Бұл тек инфрақұрылымды және іс-шараларды қолжетімді етуді ғана емес, сонымен қатар шынайы инклюзивтілікті және әртүрлілікке деген құрметті көрсететін көзқарастар мен мінез-құлықтарды қалыптастыруды білдіреді.

Ізгі ниетпенпен,

Денсаулық сақтау және әл-ауқат департаменті


***


Уважаемое NU сообщество,


3 декабря мы отмечаем Международный день лиц с инвалидностью. Этот день напоминает нам о важности поддержки лиц с инвалидностью и создания инклюзивной среды, где каждый чувствует себя частью общества. Это означает равные возможности и устранение барьеров в жизни: от повседневных дел до образования, работы и личных достижений.

Сегодня в мире около 1,3 миллиарда человек (16% населения) живут с инвалидностью. В Казахстане таких людей более 700 000, включая 100 000 детей. Несмотря на прогресс, всё ещё остаются трудности с доступом к образованию, трудоустройству, местам общего пользования и технологиям. Чтобы изменить это, нам нужно работать вместе.

Возможность свободно передвигаться, общаться без ограничений и жить без дополнительных препятствий — это право, напоминающее важность поддержки тех, у кого имеются какие либо физические ограничения и особые потребности, а также необходимость развития инклюзивности в обществе. Инклюзивность — это создание среды, где каждый человек, независимо от своих возможностей, может участвовать в жизни общества и чувствовать себя ценным. Она включает как физическую доступность — например, наличие пандусов, лифтов и адаптивных технологий, так и открытость, уважительную культуру, приветствующую разнообразие.

Инклюзивность начинается с повседневных действий. Вот несколько ключевых советов по взаимодействию с людьми с инвалидностью:

  • Всегда спрашивайте, прежде чем предлагать помощь: Предлагайте помощь только если видите необходимость, и ждите ответа человека. Уважайте их самостоятельность.
  • Обращайтесь напрямую к человеку: Говорите непосредственно с человеком, а не через его спутника, переводчика или помощника.
  • Уважайте личное пространство: Не трогайте средства передвижения, собак-поводырей или вспомогательные устройства без разрешения.
  • Используйте «человеко-ориентированный» подход: — это подход, при котором внимание уделяется человеку, а не его инвалидности. Например, вместо того чтобы говорить «человек в инвалидной коляске», лучше сказать «человек, использующий инвалидную коляску», вместо «глухой» — «человек с нарушением слуха», вместо «слепой» — «человек с нарушением зрения».
  • Будьте терпеливы и слушайте внимательно: Давайте больше времени на общение, если это необходимо, и не перебивайте или заканчивайте предложения за человека.
  • Избегайте предположений: Не делайте выводов о том, что человек может или не может делать, исходя из его инвалидности.
  • Содействуйте созданию доступной среды: Делайте окружающую среду комфортной и доступной для всех, независимо от их возможностей.

В Назарбаев Университете мы стремимся создать комфортную и инклюзивную среду для всех. 15 октября 2019 года NU утвердил Концепцию по созданию условий для людей с инвалидностью и особыми потребностями, подтвердив нашу приверженность созданию инклюзивной среды. Кроме того, действует Комитет по особым образовательным потребностям, являющийся консультативным органом при Академическом совете по вопросам академической поддержки студентов с ограниченными возможностями и нарушениями обучаемости.

Давайте постараемся, чтобы NU был гостеприимным и доступным местом для всех. Это означает не только обеспечение доступности нашей инфраструктуры и мероприятий, но и формирование установок и поведения, отражающих искреннюю инклюзивность и уважение.

С наилучшими пожеланиями,

Департамент здравоохранения и благополучия университета